×

«Кемшілікті жоймаса, сотқа береміз»: Әкім Сатыбалды «Шөкеевтің жағажайы» атанған су қоймасы жайлы айтты

«Шөкеевтің жағажайы» деп аты шыққан су қоймасы

«Кемшілікті жоймаса, сотқа береміз»: Әкім Сатыбалды «Шөкеевтің жағажайы» атанған су қоймасы жайлы айтты
Коллаж: Qaz365.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүкіл республикаға «Шөкеевтің жағажайы» деп аты шыққан су қоймасына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Түркістандағы 9 млрд теңгеге салынған жағажайдың суреттерін көрсетіп, миллиардтаған сома суға сіңгенін хабарлаған еді.

Дидар Смағұловтың айтуынша, 2020-2021 жылы су асты каналын салуға, жасанды көлді тереңдетуге және жағалауды қорғауға, бір көзден 1 815 699 000 теңге жұмсалған. 2022 жылдың қараша айында абаттандыру үшін: пирстер, көпірлер, модульдік ғимараттардың құрылысы – душ кабиналары, ванна бөлмелері, билет кассалары, жалға беру пункттерін салу үшін тағы 7 030 120 956 теңге бөлінген. Сөйткен жағажайға ешкім келіп, шомылмайды. Жағдай жоқ.

ОҚК алаңында Түркістан облысының әкімі мәселеден хабардар екенін білдірді.

«Былтыр басына барып көрдім. Оның құрылысы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші, екінші кезеңін бастағанда ол жерде соңына дейін қаржыландыру жоқ. Соңына дейін бітпеген нысан», – дейді ол.

Әкімнің айтуынша, жобаның негізгі екі функциясы бар. Біріншісі – көктемде су тасқыны кезінде жоғарыдан Қаратаудың етегінен келген суды ұстап қалу. Ол болмаса, су ары қарай Түркістанға кетіп қалады. Су қоймасының көлемі 2,5 млн текше метрді құрайды. Екінші функциясы – сол суды жаздыгүні тазалап, ары қарай жергілікті тұрғындарға шомылатын орын ұйымдастыру.

«Басына барған кезде шешім қабылдадым: қаржы тапшы болғаннан кейін оны жалғастырудан бас тарттым. Кемшіліктерді көріп, мердігерге біз кемшіліктерді жою бойынша ескерту бердік. Егер олар бермесе, ертеңгі күні сотқа береміз. Ол мемлекеттік сараптамадан өткен жоба. Ол жоба бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Оны тиісті құзырлы органдарға жібереміз», – дейді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Кеше, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →