×

Жетісайда 30 мың айлық алатын еден жуушылар мен мұғалімдер директорды сотта жеңіп шықты

Сот шешімді қызметкерлердің пайдасына шешкен

Жетісайда 30 мың айлық алатын еден жуушылар мен мұғалімдер директорды сотта жеңіп шықты
Фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты әл-Фараби атындағы мектептің директоры өзіне қарсы шыққан 4 адамды сотқа бергенін айтқан. Алайда сот шешімді қызметкерлердің пайдасына шешкен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еден жуушылар мен мұғалімдерге қатысты әкімшілік істер бойынша шешім қабылданды.  Жетісай аудандық сотының судьялары Арман Шындалиев пен Марат Күздеубаевқа алғыс айтамыз. 6 желтоқсан күні ҚР ӘҚБтК 73-3 бабының 3-бөлігімен айыпталған Б. Бегіндікова, Д. Пернеқұлова,  Ж. Құлмановаларға қатысты әкімшілік істі егжей-тегжей, жан-жақты қарап, олардың іс-әрекетінде аталған баптың бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ деп істі қысқартты. 30 мың теңге айлық жалақы алып жүрген еден жуушыларға қатысты әділ шешім шығарды», – деп жазды Ahmedova Ahmedova атты желі қолданушысы.

Айта кетейік, бұған дейін Өмір Шыныбекұлы аталған мектепте екі еден жуушы жарты ставкамен еңбек етеді, алатын жалақылары 33 мың теңге деген болатын. Мектеп директоры соның өзінен ақша дәметіп, оларды қысымға алған. Осыны ашық айтқаны үшін қудалауға түскенін жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →