×

LRT құрылысы қашан аяқталады – Жеңіс Қасымбек жауап берді

LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінген

LRT құрылысы қашан аяқталады – Жеңіс Қасымбек жауап берді
Фото: liter.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметіне елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер LRT 2025 жылы іске қосылуы мүмкін екені туралы ақпарат бұрын да тарағанын атап өтті. БАҚ өкілдері «Бұл мерзімге өзгеріс енгізілуі мүмкін бе?» деп сұрады.

«Сізге құрылыстың нақты қай айда аяқталатынын айта алмаймын. Бұл сұрақ маған бұрын да қойылған. Сонда мен тиісті қаржыландыру болса, 2-2,5 жылдың ішінде аяқталатынын айтқанмын», – деді Жеңіс Қасымбек.

2023 жылдың басында қала әкімі 24.kz арнасындағы «President» бағдарламасында LRT жобасы 2024 жылдың соңына дейін аяқталатынын айтқан.

Айта кетейік, 30 маусымда Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінгені хабарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
17.05.2025ж. 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →