×

Алматы полициясы адам ұрлау ісін ашты

Қылмыскерлер жәбірленушіні босату үшін 200 мың доллар талап еткен

Алматы полициясы адам ұрлау ісін ашты
atomiyme.com

Алматыда адам ұрлау ісі ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстың құрбаны ‒ 40 жастағы алматылық. Ұрлау Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын-үй кешендерінің бірінің аумағында болған.

Полицияға жәбірленушінің әйелі арызданған. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы шаралар кешені жүргізілген. Бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні ұстаған жерін жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы операция қаланың Түрксіб ауданындағы ескі қоймалар аумағында жүргізілген. Қылмыскерлердің төртеуі ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық қылмыстары үшін сотталған.

“Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Ол қатты соққыға жығылғандықтан медициналық көмекке мұқтаж болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Әйтпесе героин енгіземіз деп қорқытқан», ‒ деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Бүгін, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →