×

Елордада тұрақта тұрған 10 автокөліктің дөңгелектері ұрланған

Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап, 150 мың теңге шығын келтірді

Елордада тұрақта тұрған 10 автокөліктің дөңгелектері ұрланған
фото: POLISIA.KZ скрин

Елордада тұрақта тұрған 10 автокөліктің дөңгелектері ұрланған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап. Түнгі уақытта іске кіріскен ер адам, ұзақ уақыт тұрғын үйлердің аулаларында қозғалыссыз тұрған көліктерді қадағалаған.

Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап, 150 мың теңге шығын келтірді. BMW көлігінен де осындай бөлшектерді алып кеткен.

Ұрланған заттарды метал қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып үлгерген.


“Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде 30 жастағы елордалық анықталды. Қазір ол 10-нан аса көлікке ұрлыққа түсті деген күдікке ілінді. Өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. УҰИ-на қамалды”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Бүгін, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →