×

"Бұлар қытайлар емес, сенің ата-бабаң": Түркиялықтар Қазақстаннан келген құтқарушыларға алғыс айтып жатыр

Түркиялық жастардың біреуі қазақстандықтарды “Бізге көмекке қытайлар келді” деп шатастырып алған

"Бұлар қытайлар емес, сенің ата-бабаң": Түркиялықтар Қазақстаннан келген құтқарушыларға алғыс айтып жатыр
фото: ҚР ТЖМ


Түркияның Оңтүстік-Шығысында болған алапат зілзалада зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүрген қазақстандық құтқарушыларға бауырлас Түрік халқы алғыс айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап. 

Алайда Түркиялық жастардың біреуі қазақстандықтарды “Бізге көмекке қытайлар келді” деп шатастырып алған.


“Жастардың біреуі бізге қытайлар көмекке келді дейді. Бұл қытайлар емес, бұл сендердің ата-бабаң - қазақтар дедім. Қазақ халқына мың да бір алғыс айтамын. Құтқарушы топқа алғыс! Алла разы болсын!” - деді түрік азаматы.

Қазір Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт учаскеде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Одан бөлек, 19 марқұмның денесін үйінді астынан шығарып алды. Олардың қатарында отандық IT маманы Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков те бар. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →