×

Үржарда имам 11 жастағы баланы қағып өлтірді

44 жастағы жүргізуші «Toyota Rav-4» көлігін басқарып келе жатқан

Үржарда имам 11 жастағы баланы қағып өлтірді
pixabay.com

2024 жылғы 14 қазанда шамамен сағат 11:40-та «Toyota Rav-4» көлігін басқарып келе жатқан 44 жастағы жүргізуші Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізгенімен, сол жерде қайтыс болған.  Рөлде жергілікті имам болған. 

«Осы фактіге байланысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →