×

Түркияда құтқарушы иттер жарақаттанғанына қарамастан, адамдарды іздестіруін тоқтатқан жоқ

Олардың арасында үйінді астында тіршілік белгісі бар-жоғын анықтау барысында жараланып, өліп жатқандары да бар

Түркияда құтқарушы иттер жарақаттанғанына қарамастан, адамдарды іздестіруін тоқтатқан жоқ
әлеуметтік желілерден

Түркияда құтқарушы иттер жарақаттанғанына қарамастан, адамдарды іздестіруін тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Haber Global-ға сілтеме жасап.

Құтқару топтарының ең үлкен көмекшісі – жол көрсетуші иісшіл иттер. Сарапшылардың айтуынша, іздеу-құтқару қызметіндегі бір ит жиырма, тіпті отыз кәсіби із кесушінің жұмысын атқара алады. 

Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен келген іздестіру-құтқару тобының иттері үйінділерді тінтіп, адамдарды іздеу жұмыстарын атқарып жатыр. 

Хатайдың Самандагы ауданында құтқару жұмыстарына қатысқан Тетик есімді ит 80 үйіндіні қарап, 15 адамның жанын сақтап қалуына атсалысты. 

Сыла атты ит Түрік қарулы күштерінің гуманитарлық көмек бригадасының құрамында жұмыс атқарып жатыр. Малатиядағы 12 адам оның арқасында анықталды.  

Мұндай жетістікке жету жолында ол үйіндідегі шынылардың кесірінен жарақаттанып та қалды. Ол аяғын таңып берген соң, жұмысын қайта жалғастырды.

Швецияның құтқарушы иті Тими Редоктың апат алаңында жүргеніне бірнеше күн болды. Оның көмегімен 9 адам табылды.

Польша құтқару тобының иттері жұмыс барысында жеңіл жарақаттанды. Оларға бірден медициналық көмек көрсетілді. Олар жағдайы жақсарған соң, уақыт жоғалтпастан жұмысын қайта жалғастырды.

Газиантепте Киллиан есімді ит екі кісіні тірідей тапты. 

Мексика тобының 16 итінің бірі Протео үйінді астындағы екі адамды тауып, міндетін атқару кезінде өмірін жоғалтты.

Сондай-ақ Түркияда Қазақстанның  жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті де іздестірушілер қатарында жүр. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді. Ол төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен.

Жалпы иісшіл иттер ұзақ уақыт бойы тірі адам­­дарды таба алмаса,  күй­зеліске түсіп, кейбіреуі адам із­деуге шығудан үзілді-кесілді бас тартқан оқиғалар кездескен екен. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →