Америкалық музыкалық продюсер P. Diddy-ге қарсы бірнеше іс қаралып жатыр.
P. Diddy балалары әкесін қолдап, «қастандық теориясын» айыптап, бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы DailyMail-ге сілтеме жасап.
Шон П. Дидди Комбстың жеті баласының алтауы адам саудасы жөніндегі федералды соттың алдында әкесіне қолдап, бірлескен мәлімдеме жасады. Сот 5 мамырға тағайындалды. Балалар Instagram-да әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан қауесеттер мен расталмаған айыптауларға сенбеуге шақырып, жазба жариялады.
«Өткен ай біздің отбасымызды есеңгіретіп тастады. Оны әлеуметтік желілердегі жалған әңгімелерге, қастандық теориясына, айыптауларға сүйене отырып соттады. Біз сені әркез қолдаймыз. Ұйыған отбасымыздың ерік-жігерін ешкім де сындыра алмайды. Біз оның жеңіске жететініне, әділдік орнайтынына сенеміз! Өзіңді сағындық, сені жақсы көреміз, әке», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Нью-Йорк федералды сотында америкалық музыкалық продюсер әрі рэпер P. Diddy-ге (Шон Комбс) қарсы бірнеше іс қаралып жатыр. Онда P. Diddy зорлау және қудалау бойынша айыпталған еді.
Комбс – 1993 жылы Bad Boy Records шығарған ең сәтті рэп магнаттарының бірі, продюсер, кәсіпкер, рекордтық менеджер. Грэммидің үш дүркін лауреаты. Ол кезінде Ашер, Мэри Дж. Блидж және Фейи Эванс секілді жұлдыздарды жарыққа шығарған.
Қазір 54 жастағы рэпер Нью-Йорктегі Metropolitan орталығында қамауда отыр.