×

ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов жаңа өкілеттік сұрап отыр

Өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралған

ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов жаңа өкілеттік сұрап отыр
Фото: parlam.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов халық көп жиналатын объектілерді ТЖМ қызметкерлері қабылдау керек деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау өкілеттіктерін министрлікке беру мәселесін шешудеміз», - деді министр Үкімет отырысында.

Шыңғыс Әріновтың айтуынша, министрлік елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары кешенін жүргізуде.

Төтенше жағдайларға жедел ден қою мен министрлік бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін күшейтуде Ақмола облысында пилоттық жобада өрт сөндірушілерден, дәрігерлер мен құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімше құрылды. Бұл зардап шеккендерді жедел түрде кешенді құтқару мен оларға алғашқы көмек көрсету мүмкіндігін береді.  

Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралған. Нақтырақ айтқанда, тамыз айынан бастап Астанада 3,5 айдың ішінде жылдам тұрғызылатын конструкциялардан салынған өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Барлық өңірлерде құрылыстың осындай тәсілі енгізілетін болады. Жалпы, біздің елімізге 121 өрт сөндіру депосы қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
16.05.2025ж. 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →