×

Үкімет 108 жастағы сиыр мен өлген адамға субсидия берді

Бұл жағдай  оңтүстік өңірлердің бірінде болған

Үкімет 108 жастағы сиыр мен өлген адамға субсидия берді
Фото: pixabay

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Жоғары аудиторлық палатаның субсидия саласына жүргізген аудиттің қорытындысын талқылау кезінде адам ақылына сыймайтын заңсыздықтарын бетін ашқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жасы 1299 айлық деп көрсетілген ірі қараға субсидия төлеу дерегі анықталған. Бұл дегеніміз 108 жыл. Ірі қара 1914 жылдың 6 наурызында туған деп көрсетілген. Яғни, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын, бірінші дүниежүзілік соғыс шағында, Қазан төңкерісіне дейін үш жыл бұрын туған сиырға субсидия берген. Субсидия жұмыс істемей тұрмаған фирмаларға, банкрот болғандарға, жалған мекемелерге, тіпті қайтыс болған адамдарға берілген, – деді депутат.

Отырыстан шыққан жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов депутат келтірген деректерді растады. Сөзінше, бұл факт аудит кезінде анықталған.

Ондай фактілер шынымен де бар. Аудиторлық қорытындыны деректерінен алынып отыр. Кейбір ауылшаруашылық құрылымдар тиісті мөлшерден жоғары көлемде субсидия алғаны туралы фактілер кездесті. Бір іс-шараға екі мәрте субсидия алу деректері кездеседі. Өкінішке қарай, бұл фактілердің бәрі ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың талапқа сай болмай тұруымен байланысты, - деді ол. 

Палата басшысы Бақытжан Базарбек келтірген дерек оңтүстік өңірлердің бірінде тіркелгенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →