×

Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстаннан ЖСН алды: енді бұл процесске шектеу қойылды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды

Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстаннан ЖСН алды: енді бұл процесске шектеу қойылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін болған пилоттық жоба бүгін бітеді. Бір жылда 435 мыңдай шетел азаматы Қазақстанның ЖСН-ін алған.

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.

ЖСН туралы қосымша ақпарат елшілік сайтында жарияланады.

Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үкімет Қытайдан 1 млрд юань қарыз алатын болып келісті
Бүгін, 13:10

Үкімет Қытайдан 1 млрд юань қарыз алатын болып келісті

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі пысықталуда.
Оппозициялық партияның өкілі 49 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті
Операцияны Ресей ішінде ұйымдастыру ықтималдығы жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →