×

Алдағы уақытта базарлар мен дүкендер жабылып қалуы мүмкін

Алдағы уақытта базарлар мен дүкендер жабылып қалуы мүмкін

Алдағы уақытта базарлар мен дүкендер жабылып қалуы мүмкін. Өйткені қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсаған. Мұндай мәліметті Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Электрондық сауда Қазақстанда қарқынды дамып, қазіргі уақытта біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. 2020 жылдан бастап оның көлемі 5 есе өсті, алайда әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. 2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 триллион теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемінен жоспарланған 14,5%-дан 15% пайызға дейін артуы болжануда, - дейді министр.

Оның айтуынша, елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуы, бөлшек финтех саласының дамуы мен интернеттің қолжетімділігімен, жас адамдардың көп болуына (8 миллионнан астам) байланысты Қазақстан жоғары даму әлеуетіне ие болып отыр.

2029 жылға дейін электрондық сауданың бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесін 18,5%-ға дейін арттыру немесе 9,3 триллион теңгеге жеткізу мақсаты бар. Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді, - дейді Арман Шаққалиев.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов базарлардағы тауарлардың сапасы да сұрақ туғызады деп отыр.

Шетелдік платформалар ғана емес, ішкі базарлар да сапаға кепілдік бермейді. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат жиі жоқ, бұл тұтынушылар үшін де, жосықсыз бәсекелестікке тап болған өндірушілер үшін де қауіп тудырады, - дейді премьер-министр.

Осы мәселелердің барлығын шешу үшін ол Сауда министрлігіне Қазақстандағы барлық сауда қызметін, соның ішінде базарлар мен шағын көршілес дүкендерді цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →