×

"Сайлау қорытындысын мойындамаймыз": Тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгінді

Талап қоюшылар арасында Санжар Бокаев, Мұхтар Тайжан, Салтанат Тәшімова бар

"Сайлау қорытындысын мойындамаймыз": Тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгінді
atr.kz

Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидаттар президент пен Орталық сайлау комиссиясынан сайлау нәтижелерін жоюды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнеүндеуді Instagram-да кандидат Санжар Бокаев жариялады. Видеодан талап қоюшылар қатарында Мұхтар Тайжан, Салтанат Тәшімова және басқа да белсенділер барын көруге болады. Олардың пікірінше, сайлау заңға сай өткен жоқ.

"Ең сорақысы , олар хаттамаларды қолдан жасайды, бақылаушыларды қуып жібереді. Мұндай сұмдықтар тіпті ескі Қазақстанда болған жоқ. Тәуелсіз кандидаттардың атынан ел президенті мен ОСК төрағасына жүгініп, мұндай тәсіл жаңа Қазақстан тұжырымдамасының беделін түсіретінін айтқымыз келеді! Біз сайлауды, оның қорытындыларын мойындамаймыз. Заңсыз деп санаймыз", - деді белсенділер.

Еске салайық, кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Дауыс беру кезіндегі сайлау туралы заңнама талаптарының бұзылу деректері аз болған жоқ. Мәселен, Алматының сайлау учаскелеріндегі өрескел бұзушылықтар видеоға түсіп қалды.

Шымкенттен шыққан шу да көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Алматы облысының Қарасай ауданында жәшікке бірнеше бюллетень салған сайлау комиссиясының хатшысы қызметінен шеттетілді.

Сондай-ақ, Бас прокуратура дауыс беру кезінде үш өңірде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелгенін мәлімдеді.

Қарағанды облысында "Еден жуады" деген желеумен бақылаушыларды дәлізге шығарып, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →