×

Президент сайлауы – 2022: "HAQ" қоғамдық қоры бақылау нәтижесін жариялады

"HAQ"  қоғамдық қоры 12 қалада сайлау барысын бақылаған

Президент сайлауы – 2022: "HAQ" қоғамдық қоры бақылау нәтижесін жариялады
HAQ қоғамдық қоры баспасөз қызметі

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген “ХАҚ” қоғамдық қоры нәтижесін жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ұйым баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жолғы президент сайлауы кезінде “HAQ” қоры 12 қалада сайлау барысын бақылаған. Қазақстандағы 400-дей сайлау бөлімшесінде қордың 632 тәуелсіз бақылаушысы (байқаушысы) жұмыс істеді. Сайлау аяқталған соң ұйым атынан байқаушы болған азаматтар 468 хаттама жинап алған.

Бақылаушылар комиссия мүшелері мен дауыс беруге келген азаматтардан көз алмай қарап отырды. Әрине, сайлау болған соң неше түрлі жағдай болады. Мысалы, аумақтық комиссиялардың кейбір мүшесінде дауыс беруге қанша адам келуге тиіс екені туралы нақты ақпарат болған жоқ. Кейбір жерде тіпті бақылаушыларға қатаңдау талап қойғандар да болды. Тағы бірде комиссия мүшелері видеоға түсіруге, бөлімшенің ішінде жүруге рұқсат бермеген. Бірақ біз талап еткеннен кейін райынан қайтып, жұмыс қайта жалғасты. Дауыс беруге келгендердің ішінде де заң бұзғандар болды. Кейбіреуі кабинаға екеулеп кірген. Ондай кезде тоқтатып, олардан тәртіпті сақтауын талап еткен. “HAQ” ҚҚҚ атқарушы директоры Тоғжан Қожалының айтуынша, кейбір аймақтарда белгісіз тұлғалар байқаушылар жұмысына кедергі келтіруге тырысқан.

“632 сайлау учаскесін қамтыдық. Сол учаскелерден 400-ден астам хаттама алдық. Жалпы сайлаушылардың дауыс беру үлесі, біздің ұйымның есептеуі бойынша, 69,44% болды. Бұл жолы «бәріне қарсымын» деп дауыс берушілер үлесі ОСК мәліметінде 5,8% болса, біздің ұйымның есептеуі бойынша 6,33%. Одан бөлек, Түркістан облсы мен Шымкент қаласына жіберген 200 куәліктің түпнұсқасын белгісіз адамдар көшірмеге алмастырып жіберген. Уақыт қысқа болған соң тек 100 куәлікті ретке келтіріп үлгердік. Бұл сайлау бізге үлкен тәжірибе болды” –  деп мәлімдеді Тоғжан Қожалы.  

Ұйым өкілдерінің мәліметі бойынша, өзге бақылаушы ұйымдарға қарағанда “HAQ” байқаушылары белсенді болған. Учаскелердегі комиссия мүшелері де өзге байқаушыларға қарағанда дәл осы ұйымның өкілдерінен құжатты көбірек талап еткен. Алайда сайлау қорытындысы бойынша ресми ОСК ұсынған мәліметтер мен “HAQ” ұсынған деректер арасында үлкен айырмашылық жоқ.    

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →