×

Ердоған Түркияны 2028 жылға дейін басқарады

Ердоған Түркияны 2028 жылға дейін басқарады

Түркия Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезең қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркия президентін сайлаудағы дауыстардың 98,78% саналғаннан кейін 52,10% дауыспен Ердоған алда келеді, Кылычдароглуда – 47,90%», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.
Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →