×

Режеп Ердоған жеңіске жетті – Түркия Жоғары сайлау кеңесі

Бұл туралы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер мәлімдеді

Режеп Ердоған жеңіске жетті – Түркия Жоғары сайлау кеңесі
Ашық дереккөздерден

Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңінде іс басындағы Президент Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«99 пайыздан астам дауыстарды санау қорытындысы бойынша президент сайлауының екінші кезеңінде іс басындағы мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті», - делінген Түркия Жоғары сайлау кеңесінің ақпаратында.

Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенердің мәліметінше, 99,43 пайз бюллетеньдерді санау қорытындысымен Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.

Еске салайық, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) жабылды

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады.Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.

Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кеше, 15:58

Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →