×

Айдарбек Қожаназаров: Дәулет Тұрлыханов маған «соғысайық» деді

Депутат мәжілісмендерді ең біріншіден партия емес, «құндылықтар біріктіретінін» айтады

Айдарбек Қожаназаров: Дәулет Тұрлыханов маған «соғысайық» деді
Коллаж Qaz365.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Республика төрағасының орынбасары Айдарбек Қожаназаров алғашқы сессиядан кейінгі әсерін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Депутат мәжілісмендерді ең біріншіден партия емес, «құндылықтар біріктіретінін» айтады. Мысалы ретінде есірткіге қарсы заңды келтіреді.


«Әріптестермен отырып, түсіндіріп берсең олар қолдайды. Мысалы есірткі туралы жұмыс тобында қақтығыс болды. Сол кезде Дәулет Болатұлы Тұрлыханов «Айдарбек, біз балалардың денсаулығы үшін тұрып беруіміз керек, мен қасыңдамын, соғысайық» деді. Дәулет ағамыз қасымда тұрса кімнен қорқамыз деп, ұрамыз дедік. Қатайып тұрып алдық. Сосын сол түзетуді енгіздік», - дейді Айдарбек Қожаназаров.


Мәжілісменнің айтуынша, елге керекті заңдарды қабылдайық деген кезде қарсы шыққан депутаттарды көрмегенін айтады.


«Жұмылып жұмыс істейміз. Сайлау алдында бақталастық болды. Осы жерде шынымен де қырғын соғыс болатын шығар деп ойлағанмын», - дейді ол.


Қожаназаров «лоббишіл депутаттар бар ма?» деген сұраққа нақты жауап бермеді. 

«Бірақ кейбір кездері сондайды сезіндім. Бір адам келіп, әсіресе бюджет кезінде бір тақырыпты «итереді». Ойланып қаласың. Бірақ ондай заттарды басқа әріптестер тез өшіріп тастайды», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды
Бүгін, 17:37

Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды

Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды
Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан азаматы атанғысы келетіндер төл тарихымыздан да хабардар болуға тиіс
Соңғы жұмыс орны - Ақтөбе облысының әкімі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →