×

Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков кім

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков кім
primeminister.kz

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды”, дейді Ақорда мәлімдемесінде.

Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Соңғы жылдары  ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі және СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, 2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
Бүгін, 09:27

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Сол күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. 
Ол экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етед

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →