×

«Маңызды келіссөздер күтіп тұр»: Путин Қазақстанға келе жатыр

Қазақстанда маңызды келіссөздер күтіп тұр

«Маңызды келіссөздер күтіп тұр»:  Путин Қазақстанға келе жатыр
Фото akorda.kz

Путин алдағы аптада Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл жайлы Ресей бұқаралық ақпарат құралдары жарыса ақпарат таратып жатыр. Дереккөз – «Мәскеу. Кремль. Путин» телебағдарламасы. Жүргізуші Павел Зарубин Telegram арнасында бағдарламаның үзіндісін көрсеткен. Оның айтуынша, Путинді Қазақстанда маңызды келіссөздер күтіп тұр. 

Журналист жақында Қазақстан мен Өзбекстанға Франция Президенті Эммануэль Макарон келгенін еске салады. Батыс баспасөзі бұл жөнінде жарыса жазып, кейбірі қызу талқыланған. Зарубин «Ресейдің әртүрлі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға құрметпен қарайтынын» атап өткен. Оның айтуынша, Мәскеу ЕАЭО және ТМД елдерімен қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатыр.
Бағдарламада сонымен қатар Путинді келесі аптада Ресей ішіндегі маңызды шаруалар күтіп тұрғаны аталып өтеді. Ресей басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен, министрлер кабинетімен кездесіп, елдегі онкологияға қарсы күресті талқыламақ.
Бұған дейін Ресейдің сарапшылары Қазақстан мен Өзбекстанға барған Эммануэль Макронды сынап, ол Орталық Азияға бару арқылы АҚШ-пен ойнағысы, Париж өздігімен сыртқы саяси шешімдерді қабылдағысы келетінін айтысқан. Ресей саясаттанушылардың көбі Париж Вашингтонның ықпалынан шыға алмай отыр деп есептейді.
Еске сала кетейік, Ресей Президенті соңғы рет Қазақстанға былтыр қазан айында келіп қайтқан еді. Былтыр Астанадағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) желісі бойынша кездесуіне қатысып, артынша ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
27.04.2024ж. 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →