×

Путин Қазақстанға не үшін келе жатыр

Ықтимал тәртіпсіздіктер жайлы

Путин Қазақстанға не үшін келе жатыр
Ақорда

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей Президенті Владимир Путиннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер одан Путиннің келуі кезінде ықтимал тәртіпсіздіктердің болуы жайлы сұрады.

«Олар неге болуы керек, кім олай ойлайды? Бұл бізбен ежелден қарым-қатынас, достық және тату көршілік қарым-қатынаста болған мемлекеттің басшысы. Әсіресе, бүгінде мені ең қызықтыратын – сауда-экономикалық қарым-қатынас. Форумға биыл 20 жыл толды, бұл – он тоғызыншы форум. Біз онда бірінші кезекте елдеріміздің тұрғындары мен бизнеске қажет мәселелерді талқылаймыз. Форумдағы басты мәселе ауылшаруашылығына қатысты. Бұл цифрландыру, ауылшаруашылығындағы жастар және т.б. Демек, бұл жерде қандай саясат болуы мүмкін? Бұл таза экономикалық және сауда қарым-қатынастары», – деп жауап берді Жұманғарин.

Ол форумға сарапшылар мен аймақ басшылары келетінін атап өтті.

«Аймақаралық келісімдерге қол қоямыз. Алдымен экономика, содан кейін саясат. Ресеймен тауар айналымымыз 27 млрд. Бұл – ең үлкен сауда серіктесіміз. Өткен жылы экспорт 9 миллиардты құраса, биыл ол артуда.(...) Біз Қостанайда форум өткіземіз және оған Ресейдің вице-премьері үлкен делегациямен келеді, Мен үшін бұл өте маңызды», – деді Жұманғарин.

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →