×

Ажар Ғинияттың отставкасы туралы петиция – министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесі туралы да ақпарат берді

Ажар Ғинияттың отставкасы туралы петиция – министрлік жауап берді
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері неліктен бұған дейін ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция бар материалға сілтеме жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік хабарлауынша, ведомствоның Telegram-арнасында Денсаулық сақтау министрі отставкаға кететіні туралы петиция қате жарияланып кеткен.

«Бұл жазба осы петицияны теріске шығару мақсатындағы материалды жариялау кезінде интернет дұрыс істемеуіне байланысты жарияланды. Петицияның мазмұны шындыққа жанаспайтындықтан, азаматтарды жалған ақпаратқа сендіретіндіктен, ведомствоның баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ МӘМС жүйесі туралы да айтылды.

«Біріншіден, МӘМС жүйесінің жұмысына қатысты әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында денсаулық сақтау бюджеті кейінгі үш жылда 1,7 есе, биыл 1,1 триллион теңгеден 2,8 триллион теңгеге дейін өскенін атап өткен жөн. Осылайша, сақтандыру қаражатының есебінен еліміздің бір тұрғынының денсаулығына жұмсалатын шығын 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, МӘМС-тің есебінен стационарлық көмекті қаржыландыру 2,4 есе, жоғары технологиялық медициналық көмек 2,5 есе, күндізгі стационарлар 2 есе ұлғайды, жыл сайын 1,5 миллионға жуық КТ/МРТ қызметтері жүргізіледі, халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамту деңгейі 3,9 миллион адамға дейін жетті. Қаражатты жұмсаудың ашықтығы тұрғысынан медициналық сақтандыру қоры жария есептілік пен ашықтық ережелерін қатаң ұстанады», – делінген министрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі «жоғарылатылған баға бойынша бюджеттен бөлінген 48 миллиард теңгеге» медициналық аппараттар сатып алады деген тұжырымды да жоққа шығарды.

«Медициналық жабдықтарды сатып алу рәсімі «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторына бекітілген, ал қаржыландыру көзі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша өңірлік бюджеттер саналады. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше рет ақпараттық шабуыл нысанына айналды, мұнда жалған ақпарат көздері қолданылып, ашық арандатуға жол беріліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беделге нұқсан келтіруге тырысқанына қарамастан, министрлік мемлекеттік орган ретінде үнемі айқын және ашық саясатты ұстанады, әрқашан сындарлы диалог пен пайдалы пікірталастарға дайын», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →