×

«Жүйе құламасын»: Әміржан Қосанов Мәжілісте сөз сөйледі

Қосанов Антикор шабақтарды ұстаудан әрі аса алмай жатқанын айтты

«Жүйе құламасын»: Әміржан Қосанов Мәжілісте сөз сөйледі
Фото: informburo.kz

Бүгін Айдос Сарымның төрағалығымен VIII сайланған Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысы өтті. Жиынға Алматыдан видеобайланыс арқылы саясаткер Әміржан Қосанов та қосылып, өз пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біріншіден, Алматыдан сәлем! Жер сілкінгеннен кейін бізге жандарыңыз ашып жатыр. Аманбыз, саумыз. Үйлер де құламасын, жүйе де құламасын. Батпандап кіретін нәрсе мысқалдап шығатынындай, 30 жыл бойы орнығып, өмір салтына айналған жемқорлықты бір күнде, әп-сәтте шешу мүмкін емес екенін қоғам түсінеді. Бірақ жемқорлыққа қарсы заңнамамен күресу тенденциясы бар екені жасырын емес. Заң жобасын қарап шықтым. Көптеген бапты қолдаймын», – дейді Әміржан Қосанов.

Ол осы ретте үш мәселені көтерді. Біріншіден – декларация. Саясаткердің айтуынша, «декларацияны тапсыру неліктен созылып кетті?» деп сұрақ туындауы тиіс.

«Президенттен бастап ауыл әкіміне, мүлкіне, қаражатына қатысты декларациясы бүгін аша салу керек, әйтпесе Ескі Қазақстанның өкілдері соның бәрін қайта рәсімдеп жатқан сияқты.  Кезінде Президент Назарбаевтың кластасының да балалары өсіп кеткенін білесіздер. Сондықтан, меніңше, осы жерде сарапшылар бола отырып, қазақ ұлтының ерекшеліктерін ескеріп, тек Батыс стандарттарын емес, біздің де стандарттармен қарау керек», – дейді саясаткер. 

Ол Антикор шабақтарды ұстаудан әрі аса алмай жатқанын, ал түйені түгімен жұтқан акулалар тайраңдап жүргенін еске сала кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді.
Ол осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды
Екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →