×

МӘМС-тен бәрібір бас тартпаймыз – жаңа министр

Ол бұл жүйенің халыққа керек екенін айтты

МӘМС-тен бәрібір бас тартпаймыз – жаңа министр
Фото: parlam.kz

Сенаторлықпен қош айтысып, Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік-сақтандыру жүйесі жөнінде позициясын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Міндетті әлеуметтік-сақтандыру жүйесінен қалай болса да бас тартпаймыз. Бұл сөзсіз. Басқа мәселе – халықтың жүйеге деген орасан көп сұрағы барын түсінем. Алайда МӘМС жүйесінің өзі бізге керек. Оның жұмысын қайта жандандыру қажет. Сол бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Медицина ұйымдарына бағытталған қаншама ақша бар. Медицина қызметкерлері алдында туындаған белгілі бір қиындықтар да жоқ емес. Сөзсіз, мұның бәрі халыққа көрсетілетін медицина қызметіне ықпал етеді», – деді ол Сенат кулуарында.

«Жүйе дұрыс жұмыс істеуі үшін қанша уақыт керек?» деген сұраққа жаңа министр нақты жауап бермеді. Істің мән-жайын терең зерделеп, реттеу үшін белгілі бір мерзім керектігін айтты.

«Алғашқы жұмыс шағымдарды азайтуға, халықтың осы жүйеге неге көңілі толмайтынын анықтауға бағытталады», – дейді Әлназарова.

Айта кетейік, кеше МӘМС жүйесінен Қазақстан бас тартпайтынын вице-премьер Тамара Дүйсенова да айтқан еді. Оның алдында депутат Ринат Зайытов жүйені уақытша тоқтатуды талап еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →