×

Су тасқыны болған өңірлердегі мектептерді онлайн форматқа көшіру керек пе – депутат дабыл қақты

Ол осы кезде психологтармен жұмыс істеу керек деп отыр

Су тасқыны болған өңірлердегі мектептерді онлайн форматқа көшіру керек пе – депутат дабыл қақты
Фото: parlam.kz

Су тасқыны болған өңірлердегі мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді. Төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастап жатыр. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының айтары бар болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Оқу-ағарту бірінші вице-министрімен сөйлестім. Онлайн оқу дегенмен ол жерлерде толыққанды жағдай жоқ. Эвуакацияланған жерлерде үлкендер мен кішілерге бірге жатыр. Сабақ оқудың мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, балалардың киімі не бірде-бір дәптері жоқ. Әлі күнге ата-анасының жылап жүргенін көргендер, үйлерінің су астында қалғанын біле отырып, баланың миына бірдеңе қонады деп ойламаймын. Стресс жағдайында бұл қиын», - дейді Нартай Аралбайұлы.

Дәл осы кезде психологтармен жұмыс істеу керек деп отыр. Сосын ол оқушылардан бөлек, мұғалімдердің де үйлері суға кеткенін айтты.

«Эвуакациялық орталықтардың көбісі білім беру мекемелерінде орналасқан. Ауылдық жерлерде мәдениет үйі мен мектептен басқа ештеңе жоқ қой. Өзім Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданына барғанда 9 бала сызу пәнінің кабинетінде жатты. Бірақ осындай кезде 9 бала жатыр екен деп түгел мектептің сабағын тоқтатып, онлайнға жіберу де ақылға қонбайды. Оларды басқа эвуакациялық орталыққа көшірудің қамын жасау керек», - дейді депутат.

Ол осы ретте жауапсыз шенеуніктерге құқықтық баға берілу керек деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →