×

Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды

Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды

Татарлар енді қазақ тілінде оқитын болды
ҚР СІМ

Қазан федералдық университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институты базасында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Қазан федералдық университетінің президенті Рияз Минзарипов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ардақ Бейсенбай, қазақ диаспорасының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, Татарстанның мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Орталық қазақ-ресей ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан мен Татарстан студенттерінің өмірі мен жетістіктерін көрсететін ғылыми жарияланымдармен, оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды, сондай-ақ мәдениет және ғылым саласында конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды көздейді.

Абай орталығының ашылуы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды, онда классикалық және қазіргі қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері жинақталған.

Бұдан басқа, Еуразия ұлттық университеті мен Татарстан Республикасының Ғылым академиясы арасында тәжірибе алмасуды, біліктілікті арттыруды, Орталық Азиядағы ғылым, мәдениет және тарих мәселелерін терең әрі жан-жақты зерделеуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруда өзара іс-қимылды белгілейтін және дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →