×

Ноғаевқа жаңа қызмет берілуі тиіс – Ермұрат Бапи

Маңғыстау облысындағы кадрлық өзгерістерге қатысты депутаты Бапи пікір білдірді

Ноғаевқа жаңа қызмет берілуі тиіс – Ермұрат Бапи
Фото: gov.kz / Видеодан кадр

Жақында Маңғыстау облысында өте көп кадрлық өзгерістер болды. Маңғыстау облыстық полициясы, ҰҚК, прокуратура басшылары отставкаға жіберілді. Сондай-ақ облыс әкімі де ауысты. Осы өзгерістерге қатысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қалай болғанда да күштік құрлымдардың басшыларын орнынан алғанымен, басқа облыстарға бір-екеуі қызметке тағайындалды. Сондықтан бұл жерде жемқорлық элементтері бар деп ойлаймын. Әлде бір талаптарға байланысты шығар, Маңғыстау облысында тұрғындардың наразылығы көбейіп кетті. Мұнайшылардың да ереуілі көбейді. Қалай болғанда да облыс әкімін ауыстыру – Маңғыстаудағы халықтың аптығын басуға жасалған қадам деп ойлаймын. Әйтпесе, Нұрлан Ноғаев секілді мемлекеттік басқарушы бізде көп емес. Министр болды, өңірлерде әкім болды. Жастайынан мемлекеттік қызметке араласқан жігіт. Біраз уақыттан кейін Ноғаевқа қызмет берілуі тиіс», - дейді Ермұрат Бапи.

Айта кетейік, 16 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Орнына Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы аудан әкімдерін сайлау әлі ерте деп есептейді
Бүгін, 10:34

Белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы аудан әкімдерін сайлау әлі ерте деп есептейді

Соңғы бір жылда 6-7 аудан әкімін сайлауға 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалған 
Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады
Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →