×

Мәжіліс депутаты «Тоғызқұмалақтың» атын өзгертуды ұсынды

Депутат ұлттық ойындардардың бірінің атын өзгертуді ұсынды

Мәжіліс депутаты «Тоғызқұмалақтың» атын өзгертуды ұсынды
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ спортының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгінде тоғызқұмалақ ойынын негізінен қазақ және қырғыз халықтары бәсекелесе дамытып отырғанына орай, ойынның негізгі екі атауы орнығып отыр: қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, ішінара түрікше - мангала/гечюрме аталады. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде, ойынның аты «тоғызқұмалақ» аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда, бұл ойын «тоғызкөргөл» болып шыға келеді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталып келеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – тоғызат», - дейді Гүлдара Нұрымова.

Ол бұл туралы XIX ғасырда этнограф Григорий Загряжский еңбегінде ойынның атауын «тоғызат» деп жазған. Осылайша, тоғызқұмалақтың бұрынғы атауы «Тоғызат» екенін білдіретін Қарақалпақ және Қырғыз елдеріндегі ойындардың атауынан кездестіруге болады деп отыр.

«Осы деректі ескеріп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғанға дейін жалпы түркіге ортақ зияткерлік спорт атауын «Тоғызат» ортақ нұсқамен қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз. Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы, Ұлттық спорт қауымдастығы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының қатысуымен біріккен шешім қабылдағаны дұрыс болады», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →