×

Енді «ставочник» әскерилер мен мемлекеттік қызметшілер бірден жұмыстан кетеді

Жаңа заңда онлайн-казинолардың қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Енді «ставочник» әскерилер мен мемлекеттік қызметшілер бірден жұмыстан кетеді
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түзетулерге сәйкес, қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойын ойнауға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарына 21 жасқа толмағандар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген, сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай реестріне енген азаматтар кіреді.

«Құмар ойын ойнауға өзін-өзі шектеудің максималды мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін көтерілді. Себебі бір жыл өте аз. Көбісі осы мерзім аяқталғаннан кейін қайтадан құмар ойын ойнай бастайды. Ең бастысы өз-өзіне қойылған шектеуді мерзімінен бұрын алып тастау мүмкін емес. Иә, біз ойынқұмарлардың құқығын шектеп жатырмыз деп айтатын шығар, бірақ шын мәнінде бұл лоббистердің ең сүйікті аргументі. Егер адам ойын ойнағысы келіп, мұны жасай алмаса, бұл оның жауапкершілігі. Өйткені ол өзін-өзі шектеуге келісім беріп, қол қойған кезде барлық заңды міндеттемені өз еркімен мойнына алған», - деді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар жаңа заңда онлайн-казинолардың қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Құмар ойындарға тәуелділікпен күрес туралы заң аясында электронды казино мен онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін заңды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жаза ретiнде 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 600 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылады.

Депутаттың сөзінше, уәкілетті органның шешімімен қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →