×

Сайыров Смайыловқа: ҚТЖ-дағы мәселемен неге премьер-министр боп тұрған кезде айналыспадыңыз

Депутат экс-премьердің баяндамасын сынады

Сайыров Смайыловқа: ҚТЖ-дағы мәселемен неге премьер-министр боп тұрған кезде айналыспадыңыз
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Жоғарғы аудит палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың Мәжілістегі баяндамасын сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Еске сала кетейік, Мәжілісте палата төрағасы ҚТЖ-ға аудит жүргізіліп, кезінде өзін-өзі қамтамасыз еткен компания тиімсіз және консервативті басқару, мемлекет иелігінен дұрыс ойластырылмай шығару салдарынан ол компания бүгін де әрең күн көріп жатқанын айтқан еді. Барлық табысы жоғары қызметтер меншік компаниялардың қолына берілген. ҚТЖ-ның айналасындағы артық делдалдарға ыңғайлы жағдай жасалып, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын 80 млрд астам теңгеге көтерген. 

«Мәселен, 2018 жылдан бері жеке тасымалдаушылардың   магистральдық теміржол желісіне қол жеткізу жөніндегі пилоттық жоба күткен нәтиже бермеді және ҚТЖ табыстарының айтарлықтай азаюына әкеп соғып отыр. Жеке жүк тасымалдаушылар мұнай және мұнай өнімдері сияқты пайдасы көп тасымалдарды, сондай-ақ электрлендірілген учаскелерде пойыздың құрамын толық толтыратын маршруттарды иеленген. Жеке жүк тасымалдаушылардың тарифтері жоғары. Жекелеген жағдайларда 32%-ға, соның ішінде іс жүзінде жоқ шығындарды қосу есебінен асырылған. Бұл түпкілікті тұтынушы үшін тауар тасымалдау құнына айтарлықтай әсер етеді», - деді ол.

Оның баяндамасын тыңдаған Ерлан Сайыров ҚТЖ-дағы мәселемен неге премьер-министр боп тұрған кезде айналыспадыңыз деп сұрады.

«Бұл мәселелер расында да белгілі мәселелер. Бірнеше рет көтеріп, тиісті салалық министрлерге де, ҚТЖ-ға да тиісті тапсырма беріп, жұмыстарды талап еткенбіз. Бірақ қабылданып жатқан шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып жатыр. Сондықтан, бұл мәселені тағы көтеруге мәжбүр болып отырмыз», - дейді Смайылов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →