×

Бағдат Мусин жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды

Бағдат Мусин жаңа қызметіне қатысты ойын айтты
Фото : facebook.com/BagdatMussin

Бағдат Мусин жаңа тағайындалған қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұрынғы министр Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ Иранның уран байыту зауытын жойып жібермек - БАҚ
Бүгін, 10:03

АҚШ Иранның уран байыту зауытын жойып жібермек - БАҚ

Трамп соққы жасауға келісім берген. 
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылаған
Ол үшін арнайы рейстер мен круиздік кемелер қарастырылған. 
Таралған мәліметтер ескі 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →