×

Әйелдерді енді хиджаб кигені үшін мазаламаймыз – Иран президенті

Билікке келген жаңа президент бұл әрекеттерімен реформатор ретінде көрінуі мүмкін

Әйелдерді енді хиджаб кигені үшін мазаламаймыз – Иран президенті
Фото ашық дереккөзден

Баспасөз конференциясының тікелей эфирі Иран халқы мен әлемдік БАҚ арасында үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хиджабты “қате” кигені үшін ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің оқиғасы бүкіл Иранда жаппай наразылық туғызып, елдегі режим халықаралық сынға ұшыраған еді. Иран президенті Масуд Пезешкианның бұл мәлімдемесі Амини қазасының екінші жылдығында айтылды.

Иран президенті Әдеп полициясы бұдан былай хиджаб киюге байланысты әйелдердің өміріне араласпайды деп мәлімдеді.

Билікке келген Масуд Пезешкиан бұл әрекеттерімен реформатор ретінде көрінуі мүмкін. Президенттің  ел билеудегі істері Иранның әлеуметтік саясатында өзгерістер орнатар деген үміт те пайда болған сыңайлы.

Пезешкиан аталмыш уәдесін айтқан баспасөз мәслихатынада бұрын-соңды ресми іс-шараларда мүмкін емес жағдай орын алған. Яғни, хиджабтары қатаң стандарттарға сәйкес келмейтін әйел журналистер қатысқан. Онда тілшілердің бірі орамалын шешіп тастапты. Бұл сәт елді елең еткізіп, елдегі әйелдер киіміне қатысты өзгеріс келгенін білдіріп отыр.

«Әдеп полициясы енді әйелдерге  тиіспеуі керек», - дейді Пезешкиан баспасөз конференцияда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жоспарланған арандату»: Ермұрат Бапи Атырауда бұрмаланған ту ұстап суретке түскендер туралы айтты
Бүгін, 17:26

«Жоспарланған арандату»: Ермұрат Бапи Атырауда бұрмаланған ту ұстап суретке түскендер туралы айтты

Бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалағандардың суреті тараған еді
Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →