×

«Естуші Үкіметтің» есігі бір ашылған емес»: Ринат Зайытов Бас прокуратура сауал жолдады

Ол бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

«Естуші Үкіметтің» есігі бір ашылған емес»: Ринат Зайытов Бас прокуратура сауал жолдады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот «Естуші Үкімет» қағидасына сай емес екенін айтып, дабыл қақты. Ол бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында астын сызып тұрып айтатын тапсырмаларының бірегейі ол – «ашықтық пен әділеттілік». Бірақ сол мақсатты іске асыруға Үкімет мүшелері мен өзге мемлекеттік органдары мардымсыз жұмыс жасап отырғанына күн сайын көзіміз жетеді.

Парламент Мәжілісі халықпен тікелей байланыста болғандықтан жұма сайын жұрттың арызын тыңдап, өтініштерін қабылдайды. Солардың басым көпшілігі белгілі бір ведомство басшысының қабылдауына кіру. Себебі, өңірлердегі және алып мегаполистердегі шолақ белсенді, орташа деңгейдегі қызметкерлердің «өзім білемдікке» салып заң бұзуы азаятын емес. Оған мысалымыз да, дәлеліміз де жетіп артылады.Бұған тоқтау қоятын Бас прокуратура, Жоғарғы Сот пен министрлердің есігі халық келгенде бір ашылған емес. Бұл қалай? «Естуші Үкімет» қағидатын ұстануды тапсырған Мемлекет басшысының сөзі ескерілуге де татымағаны ма?» - дейді депутат.

Ол заң тілімен айтқанда, ҚР ӘРПК 90-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті деп отыр. 

«Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында ҚР Жоғарғы Соты төрағасының азаматтарды жеке қабылдау міндеті көзделеді (20-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы).Өкініштісі сол. Бұл заңдарды орындауда мемлекеттік органдар салғырттық танытып отыр. Сонда, жалғыз баласы жаламен сотталған ана, жарының жұмбақ қазасы, жылдап тергелмеген әйел, әскердегі ұлы мүгедек болып қалған әке, кәсібінен заңсыз айырылған кәсіпкер, жалғыз баспанасы алаяқтарға қолды болған отбасы, сот шешімін орындата алмай жүрген жәбірленушілер тағы сондай сияқты мыңдаған қорғансыз халық әділдікті қайдан таппақ?» - дейді Ринат Зайытов.

Депутат Қазақта: «Байды құдай ұрарда – байлығына мас болар, Биді құдай ұрарда – бұқараға қас болар» - деген ескерту бар. Халықтан қашпаңыздар деп айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады
Кеше, 14:20

Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады

Министр адамдардың 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшырайтынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →