×

АЭС-ті 100 пайыз Ресей салмайды, бұл – ақиқат – Мақсат Толықбай

Қоғамда АЭС құрылысына қатысты көптеген сұрақ туындап тұр

АЭС-ті 100 пайыз Ресей салмайды, бұл – ақиқат – Мақсат Толықбай
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай журналистерге берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Мақсат Толықбай Ресей санкцияның астында болғандықтан Қазақстанға атом электр станциясын сала алмайтындығын айтты.

«Ресей АЭС-ті сала алмайды. Оған ешкім мүмкіндік те бермейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Қазір ұйымның талабын көрген шығарсыздар, бұдан кейін кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Яғни, ең технологиясы озық Франция салса, не болмаса Оңтүстік Корея салса, соларға біз тәуелді болып қалмаймыз ба деген уайымдаушылық бар. Сондықтан салынған күннің өзінде де халықаралық концорциум құрылады. Енді жаңа мәжілісте де Катар мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйып жатқаны айтылды. Қазір тоқты қайдан алып отырмыз. Әбден тозығы жеткен жылу электр станцияларын жаңартуға күн, жел, су электр станцияларын қатар дамытатын боламыз. Шынымен энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, осы бағыттардың барлығын қатар алу керек деп есептеймін», – дейді ол.

Мақсат Толықбайдың сөзінше, көрші үйге розетканы тығып қойып, біз тәуелсізбіз деп құр кеудені соғып мақтанғанмен ештеңе өзгермейді. Қоғамда қазір «Ресей сала ма?» деген ең үлкен сұрақ туындап отыр.

«АЭС-ті 100 пайыз Ресей салмайды деп айтамын» - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →