×

Депутат Шиповских TikTok-ты Қазақстанда жауып тастауды ұсынды

Бүгінде TikTok әлемнің түкпір-түкпірінде танымал

Депутат Шиповских TikTok-ты Қазақстанда жауып тастауды ұсынды
Фото: parlam.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских Үкімет басшысы Олжас Бектеновке Қазақстандағы TikTok әлеуметтік желісін реттеуді күшейту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралуда. Депутат Франция, Канада, Қырғызстан сияқты көптеген елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда TikTok әлеуметтік желісі әлемнің түкпір-түкпірінде танымал. Елімізде де бұл желінің қолданушылары саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Көрші елге тиесілі бұл платформаны креативті жандар жасөспірімдерді кәсіпке, білімге, ел тарихына қызықтыруға пайдаланып та жүр. Бірақ ондай контент саны өзге контентпен салыстырғанда шөлге тамған тамшыдай. TikTok-тағы контенттің басым бөлігі қандай сарында екенін мен айтпасам да, өздеріңіз байқап жүрсіздер», - деді сенатор.

Ол 13 жасқа толмаған балалардың TikTok-қа ата-анасының телефонынан кірген жағдайда Face ID технологиясы арқылы бұғаттау механизмін қарастыру керектігін айтты.

«Олай болмаған жағдайда елімізде TikTok платформасын бұғаттауды сұраймыз. Бұл мәселелердің шешімін табу ел азаматтарының денсаулығын және моральдық құндылықтарын сақтап қалуға, сондай-ақ жастар арасында таралып жатқан қауіпті әдеттерді азайтуға бағытталған қадам болмақ», - деді сенатор Геннадий Шиповских.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады
Кеше, 14:20

Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады

Министр адамдардың 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшырайтынын айтты
Депутат Мемлекет басшысының алдында сөз сөйледі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Ливан мен Ирандағы шетелдік мекемелерінде жедел желі ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →