×

Алмас Кішкенбаевтың ісі: жәбірленуші тарап ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойды

Алмас Кішкенбаевтың ісі: жәбірленуші тарап ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойды
Фото: Instagram аккаунт @a.kishkenbaev

Эстрада әншісі Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін CMN.KZ тілшісі зардап шеккен курьердің туыстарынан түсініктеме алуға тырысты. Алайда, жеткіншектің тәтесі құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кішкенбаев 17 жастағы курьердің жыныс мүшесін ұстаған деп айыпталған. 5 ақпанда Алматы қаласының Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кішкенбаев ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша айыпты деп таныды.

Сот бұл әрекеттерді жасау кезінде Кішкенбаевтың мас болғанын анықтады. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Жәбірленушінің тәтесі бұдан бұрын CMN.KZ тілшісіне берген сұхбатында айыпталған баппен келіспейтінін және сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық жаза қолдануды талап ететінін мәлімдеген. Сот шешімі жарияланғаннан кейін жәбірленуші тарап үкімге шағымдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бермеді.

Еске салайық, оқиға 30 қаңтар күні сағат 21:00-де болған. 17 жастағы курьер 40 жастағы ер адамға үш бөтелке сыраны жеткізген. Тапсырыс беруші жеткізілім алғаннан кейін жасөспірімге бірге ішуді ұсынды. Айтуларынша, ол осы кезде 11-сынып оқушысының жыныс мүшесін ұстап алмақ болған.

Журналист Михаил Козачков ер адамның есімі Алмас Кішкенбаев екенін жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →