Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ
Бір ғана әні арқылы әлемге танымал болған, көпшілікке Adam атты лақап есімімен белгілі Фарух Тоқтамұратовтың некесіз баласы бар екенін бұған дейін жазғанбыз. Әнші «Астарлы ақиқат» бағдарламасына өзі де келіп, мән-жайды толық айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Жүріп жүрген қызым болды. Жақында үйленемін деп айттым. Оны білді. Дүниезада: «Маған жігіт керек емес» деген болатын. Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ. 2022 жылы әйеліммен некемді қидырдым. Темірлан 2023 жылы дүниеге келді. Дүниезада екеуіміз арамызда ешқандай шарт болған емес. Оған үйленбейтінімді де білді. Тек ләззат үшін кездестік деп айта аламын», - дейді Adam.
Фарух Тоқтамұратов Дүниезаданың аяғы ауыр екенін бес айлық кезінде ғана білгенін және екінші әйел ретінде алуға ешқандай уәде бермегенін жеткізді.
«Ол маған біздің отбасыда ер адам жоқ, қуаныштымын деді. Анам екеуіміз баланы өзіміз өсіреміз. Сенен ештеңе керек жоқ деді. Менің балам болса, жәрдемімді беріп тұрамын дегенмін. Заңды әйеліме баламның бар екенін айта алмадым. Бірақ Дүниезада кейін әйеліме сенің күйеуіңнен ұлым бар деп жазған. Содан кейін келіспеушіліктер туындады. Ақиқаттың бәрін айттым», - дейді әнші.
Adam Дүниезада эфир барысында 95 пайызға өтрік айтты деп отыр. Әңгімені бұрмалады деп санайды.
«Халықтың алдына кешірім сұрағым келіп тұр. Болған жағдай телеарнаға шыққан соң, ақиқатты айттым. Мұндай көрсетуге ешқашан тырысқан емеспін. Жауапкершіліктен қашпаймын. Менен оларға ешқандай зиян тиген емес», - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясына Дүниезада Абдуллаева деген әйел келіп, әншіден некесіз баласы барын мәлімдегенін жазған едік. Қазіргі таңда бала 1 жастан асқан. Есімі – Темірлан. Бағдарламаға келген бейтаныс әйел Адамның заң жүзінде көмектескенін және ұлымен араласқанын қалайтынын айтқан.