×

«Мен үйленем дегенде бәрі қарсы болды» - Айқын Төлепберген Жұлдызға берген уәдесін орындады

Жұлдызды жұп 9 жылдан кейін тойларын жасады

«Мен үйленем дегенде бәрі қарсы болды» - Айқын Төлепберген Жұлдызға берген уәдесін орындады
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Айқын Төлепберген мен КешYou тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали отбасын құрғандарына 9 жыл өткен соң үйлену тойларын жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптардың бірі – әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бірге тұрып жатқандарына тоғыз жыл болғанымен, үйлену тойларын жасап, жұртты тағы бір таңғалдырды.

Әнші Жұлдыз Өмірғали Instagram парақшасына «Бақыттымыз» деп Айқын екеуінің ресми түрде жүзік салып жатқан видеосын жариялады. Артынша стористе Айқынның жүрекжарды сөздерін арнаған видеосында әнші Жұлдызға қосылуы оңай болмағанын және уәдесін орындағанын айтады.

«Жаным Жұлдыз, мен сені жақсы көремін. Мен Жұлдызға үйленем дегенде бәрі қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарыма дейін бүкіл дүние жүзі маған қарсы болды. Мама жылады, ана балаларды деп… Бәріміз біргеміз, шүкір. Мен бәріне қарсы шықтым. Қалай қаласам, солай болады, Жұлдызды алам дедім. Ақ көйлек киесің деп уәде бердім. Міне, киді. Мен саған әкең де, күйеуің де, ағаң да, құрбың да сияқты болам дедім»  – дейді әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
07.05.2026ж. 09:39

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →