×

69 жастағы түркиялық студент Түркістанда жүріп 1,5 айда қазақ тілін үйреніп алды

69 жастағы түркиялық студент Түркістанда жүріп 1,5 айда қазақ тілін үйреніп алды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Түркиялық 69 жастағы Кадрие Ышыклы қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен танысу үшін Түркістанға оқуға келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Стамбұл қаласының тұрғыны қазір университеттің дайындық орталығында білім алып жүр. Оны түркі елдерінің тілі мен мәдениеті қызықтырады. 

Кадрие Ышыклы – Түркия азаматы, Стамбұл қаласының тұрғыны, үш баланың анасы. Қазір Ахмет Ясауи университетінің Дайындық орталығының тыңдаушысы. Ол – университет тарихындағы ең жасы үлкен студент атанып, жастарға үлгі көрсетіп жүр.

Ол Түркістанға келіп білім алуына түркі елдерінің тілі және мәдениеті, салт-дәстүрімен танысуға деген қызығушылығы себеп болғанын айтады. Кадрие ханымның Қазақстанға келгеніне бір жарым ай болса да, қазақ тілін жеткілікті деңгейде түсінетін хәлге жеткен.

Ол оқып жатқан дайындық орталығында университеттің ішкі грантына ие болған 200-ден астам шетелдік студент білім алады. Үш баланың анасы бұған дейін Түркияда «Туризм» мамандығы бойынша оқып, әлемнің 20-ға жуық еліне саяхаттапты. Ендігі мақсаты – Орталық Азия елдерімен танысу.

Қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Маған түркі елдерінің мәдениетімен танысқан ұнайды. Осында қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен жақсы танысып, содан кейін өзге де бауырлас елдерге барғым келеді, – дейді Кадрие Ышыклы.

Дайындық орталығының ұжымы жасы үлкен студент келетінін алғаш естіген кезде таңырқап, абдырап қалғандарын жасырмайды. Алайда, Кадрие Ышыклы Қазақстанға келген бойда барлығымен оңай тіл табысып, ортаға тез қалыптасқан. Орталық оқытушылары оның білімге ашық, қазақ тіліне қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

Жалпы, Түркістанда орналасқан Ахмет Ясауи университетінде түркі әлемінің 17 елінен және 30-ға жуық ұлт пен ұлыстан 10 мыңға жуық студент оқып жатыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр
Бүгін, 18:34

Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр

Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.
Ведомство тергеу органдарымен заң аясында бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →