×

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы қандай іс-шаралар атқарды

Жыл соңына дейін қалада қосымша 5 медициналық мекеме жұмысын бастау жоспарлануда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы қандай іс-шаралар атқарды
Сурет: gov.kz

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы табысты қызмет етіп, қала тұрғындары мен олардың отбасыларының денсаулығы мен салауаты үшін маңызды шешімдер қабылдаған жыл болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасаған жылдық қорытындысын ұсынамыз.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылдың 11 айында атқарылған іс-шаралары

  •  №2 оңалту орталығы базасында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған кешенді «QH» оңалту орталығы ашылды;
  •  Шымкент қаласында 14-15 қарашада «ҚР-да балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша                    ҚР ДСМ  А.Ш. Альназарованың онлайн режимінде қатысуымен Республикалық көшпелі семинар-кеңес өткізілді;
  •  2024 жылғы 18-22 қараша аралығында босандыру ұйымдарының базасында босандыру және балалық шақ қызметінің мамандары үшін Ресейлік жетекші мамандардың қатысуымен 3 халықаралық мастер-класс өткізілді (60 медицина қызметкері оқытылды);
  • №6 қалалық емхананың науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпустың арасын қосатын галлерея жасақталып, пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жұмыс жасап тұр.

Олар: 

1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша жасанды интеллектті қолдана отырып, «Телерадиология» медициналық бейнелерді орталықтандырылған мұрағаттау жобасын іске асыру тәжірибесін зерделеу шеңберінде, екі жақты Меморандум жасалды.
2. №2 қалалық ауруханасының медициналық ақпараттық жүйесін ақпараттандыру және автоматтандыру мақсатында «GALAMAT-SYSTEM» компаниясыменмен бірлесе отырып, «MedisArnica» медициналық ақпараттық жүйесі пилоттық жоба жұмыс жасауда.
3. Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында қолдануда тұрған медициналық жабдықтардың басқаруына сыртқы техникалық аудит жүргізуге «АльфаМедГрупп» ЖШС-мен бірлесе отырып, Меморандум жасалды.
4. №12, 13 қалалық емханаларда «SmartЭКГ» жүйесі жұмыс істеп тұрған ЭКГ аппараттарын цифрландыруға және жаңа құрылғыны сатып алмай-ақ сандық ЭКГ сигналын жасау пилоттық жоба жұмыс жасауда. Жүйе ЭКГ зерттеулерінің қорытындысын қашықтықтан пациентті тікелей қабылдаусыз оқуға және жасанды интеллект пайдаланып қорытынды жасау үшін қолданылады.
5. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасымен бірігіп HR-процесс электрондық HR менеджері TEMIR  «Бұлтты HR жүйесін» пилоттық жоба ретінде медициналық мекемелерге ендіру бойынша Меморандумға қол қойылды.

27 медициналық ұйымдардың дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификатциядан өтті

 Бүгінгі таңда қала бойынша 27 медициналық ұйым (18 мем, 9 жеке)  тиісті дәріхана практикасы талаптарына стандарттарын өткізген. Оның ішінде 2023 жылы - 9 медициналық ұйым, 2024 жылы 18 – медициналық ұйым өткізді.

Алғаш рет қалалық клиникалық балалар ауруханасында және қалалық перинаталдық орталықта госпиталдық фармация бөлімшесі ашылып, жыл соңына дейін қосымша 5 медициналық мекеме жұмысын бастауды жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →