×

Magnum мен Small сауда желілері картоп бағасын төмендетті

Жыл басынан бері картоп бағасына қатысты 49 заң бұзушылық анықталған

Magnum мен Small сауда желілері картоп бағасын төмендетті
Сурет: Shutterstock.com

Magnum мен Small сауда желілері картоп бағасын төмендетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеп отыр.

 Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталған. 

“Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен, атап айтқанда, Small және Magnum желілерімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, бүгінгі күні Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылуда”, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етпек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бүгін қасиетті Қадір түні
Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 26 наурыздан  27-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Экология және табиғи ресурстар министрі жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →