×

Экс-депутат қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

Әнші  39320 теңге айыппұл салу керегін жазған

Экс-депутат қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші әрі экс-депутат Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында қазақ тілінде сөйлемейтіндерге де айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39320 теңге айыппұл салынсын!», - дейді әнші.

Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салу керегін айтқан Нұрлан Өнербаевты желі қолданушылары қолдап, пікірлерін қалдырған.

«Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы», «Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын», «Қолдаймын.  Өз тілімізді өзіміз құрметтемей шүлдірлеп кеттік», «Сіз айтқан айыппұлды ел болып қолдайық», – деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, әнші Нұрлан Өнербаев 2008-2011 жылдары Парламент мәжілісінің депутаты болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады
Кеше, 14:21

FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады

Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті  
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →