×

1500-ден астам жайдарманшы Астанаға жиналды

17 ақпан күні Маусымашардың ресми ашылуы өтті

1500-ден астам жайдарманшы Астанаға жиналды

Жайдарманның 2025 жылғы жаңа маусымы ресми түрде ашылды. Биылғы Маусымашарға 250-ге жуық команда тіркеліп, елордаға еліміздің әр өңірінен 1500-ден астам жайдарманшы жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz

17 ақпан күні Маусымашардың ресми ашылуы өтті. Осы күннен бастап командалар алғашқы редактурадан өтіп, әр деңгейдегі лигаларға іріктеледі. Биылғы маусымда командаларға бағыт-бағдар беріп, олардың шығармашылық деңгейін көтеру үшін тәжірибелі редакторлар тобы жұмыс істейді.

Жайдарман халықаралық деңгейге көтеріледі

Биылғы Маусымашар ерекше форматта өтуде. Қазақстандық командалармен қатар, бес елдің жайдарманшылары өз өнерлерін ортаға салмақ. Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Әзербайжан және Қытайдан келген командалар сайысқа түседі.

Жайдарман қозғалысының директоры Жанасыл Болатбектің айтуынша: Жайдарман халықаралық аренаға шығып, шекарасын кеңейтуде. 

«2025 жылғы маусымда шетелдік командалардың саны артып, ойын одан әрі қызықты болмақ. Халықаралық командалардың қатысуы – Жайдарманның танымалдығы артып, күллі түркі жұртын біріктіріп отырғанының дәлелі», - деді ол. 

Айта кету керек, шетелдік жайдарманшылар да қазақ тілінде өнер көрсетіп, әзіл әлеміне жаңа серпін әкелмек.

Маусымашар 17 ақпаннан 22 ақпанға дейін жалғасады. Аталған шара «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен өткізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология асфальтты –5°C дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік береді
BYD – Қытайда 45 жыл ішінде «ақылды қала» тұжырымдамасын дамытып, жетістікке жеткен компания
Өңірде 146 жолға жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →