×

Ораза-2025: Тараз қаласы бойынша намаз және ауызашар кестесі

Тараз қаласында 1 наурызда таң намазы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:33-те басталады

Ораза-2025: Тараз қаласы бойынша намаз және ауызашар кестесі
Сурет: gorodtaraz.kz

Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы мен еліміздің барлық қалалары үшін намаз және ораза ұстау  кестесін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тараз қаласында 1 наурызда таң намазы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:33-те басталады. Сәресі (таңғы ас) намаз басталғанға дейін 10 минут бұрын аяқталуы керек.

Ауызашар уақыты сол күні сағат 18: 07-те. Осы уақытта сіз ауыз ашып, тамақты бастай аласыз. Ауызды құрма немесе сумен ашқан жөн.

Ауыз бекітер алдында оқылатын дұға ниет:

"Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә".

Мағынасы: "Таң атқаннан күн батқанға дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім". 

Сондай-ақ, ауызашар кезінде мына дұғаны айту керек:

"Аллаһуммә ләкә сумту, уә бикә әмәнту уә алә ризқикә әфтарту, уә аләйкә тәуәккәлту уә ли сауми ғадин нәуәйту!"

Мағынасы: "Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір".

Еске сала кетейік, наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында мұсылман қауымы 29 күн ораза ұстайды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Бүгін, 12:03

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →