×

ШҚО-да қардың еруін және су тасқынын бақылау күшейтілді

Гидрологиялық жағдай әзірге тұрақты

ШҚО-да қардың еруін және су тасқынын бақылау күшейтілді
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов су тасқыны қаупі жоғары Катонқарағай мен Алтай аудандарында әуе шолуын жүргізді. Ол төтенше жағдайлар қызметі, жұмылдыру дайындығы басқармасы және өзге де сала мамандарымен бірге өзендер мен су қоймаларының жай-күйін тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аудандарда қардың еруі күшейіп, қар қоры қалыпты мөлшерден 10-20%-ға артық екені анықталды. Мәселен, Алтай қаласы маңында қар қалыңдығы 1 метрден асса, таулы аймақтарда 250 мм-ге дейін жетеді. Бұл қардың су қоры шамамен 500 мм-ді құрайды. Ал Катонқарағай ауданында қар биіктігі 30-50 см аралығында болса, су қоры 100 мм шамасында.

Гидрологиялық жағдай әзірге тұрақты. Бұқтырма өзенінде мұз жарылу процесі басталғанымен Бұқтырма су қоймасында әлі де мұз толық сақталған. Облыс басшылығы жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Сонымен қатар облыс әкімі Катонқарағай ауданында болып, әкімдік, полиция және сот ғимараттарының жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ол құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.

Бассейні бар бұл кешеннің құрылысы 2020 жылы басталғанымен, мердігер компаниялардың салғырттығынан әлі күнге дейін толық аяқталмаған. Қазіргі уақытта жұмыстар 75%-ға орындалды. Техникалық қадағалау анықтаған ақауларды мердігер түзетіп жатыр. Бассейн кешенінде жылыту және желдету жүйелері орнатылды. Бассейнде сынақ жұмыстары жүргізіліп, жаттығу залына барлық қажетті спорт жабдықтары жеткізілді.

Нысан белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
23.03.2026ж. 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →