×

«АрселорМиттал Теміртау» тұрғындарға 300 миллион теңге қайтарып берді

Тұрғындардың үйінде температуралық режим жиі бұзылған

«АрселорМиттал Теміртау» тұрғындарға 300 миллион теңге қайтарып берді
ашық дереккөзден

Монополист Теміртау тұрғындарына 300 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлар Теміртаудың 120 мың тұрғынының құқығын қорғады.

Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізді.

“Осы жылыту маусымы басталғаннан бері «Оқжетпес-Т» ЖШС-сі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды, бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған.

Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған”, – делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) түбіртектерді қайта есептеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Кеше, 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →