×

Рудный маңында 20 үй отқа оранды

Зардап шеккендер жоқ,

Рудный маңында 20 үй отқа оранды
Ашық дереккөздерден

Рудный қаласынан 7 шақырым жкрдегі бау-бақша саяжай массивінде 20 үй отқа оранды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

6 мамырда сағат 13: 06-да Рудный қаласынан 7 шақырымындағы № 2 бақша қоғамының аумағында құрғақ шөп өртеніп, от жалпы ауданы 0,3 гектар болатын 20 тұрғын емес саяжай үйіне ауысты.Сонымен қатар, бақша қоғамынан тыс жерде құрғақ шөп, өрттің жалпы ауданы шамамен 2,1 га болатын қамыс өртенді.

Сағат 19: 23-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, ТЖД күштерімен эвакуация жүргізілген жоқ.Құрғақ және ыстық ауа-райы, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті.

Тар саяжай көшелеріндегі қоқыстар өрт сөндіру техникасының өрт орнына баруын қиындатты.

Сөндіруге ТЖД 38 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ құрамында 5 адам және 1 техника бар "ССКӨБ" АҚ МӨҚҚ қатысты.

Қостанай облысының ТЖД ыстық ауа райында өрттің алдын алу үшін ешбір жағдайда құрғақ шөпті жағуға немесе от жағуға болмайтынын ескертеді. Қатты жел, өрттің үлкен аумақтарға таралуына ықпал етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Кеше, 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →