×

Қазақ тілін меңгерген америкалық қыз ислам дінін жақсы көретінін айтты

Америкалықпын, бірақ, Қазақстанды қатты жақсы көремін –  Айбала Құдайбергенқызы

Қазақ тілін меңгерген америкалық қыз ислам дінін жақсы көретінін айтты
instagram.com/kidpolyglot

Қазақ тілін меңгерген америкалық қыз ислам дінін жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Экспресс К-ге сілтеме жасап.
Атлантада тұратын Кэролин есімді қыз гиперполиглот – ол әлемнің 27 тілін біледі. Алайда, қазақ тілін үйрене бастағанда оның дүниетанымы мүлде өзгеріп кеткен.

Дәлірек айтсақ, 16 жастағы бойжеткен біріншіден әлеуметтік желідегі атын өзгерткен. Ол өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстыратын болған. Қазақ тілімен қатар ол испан, неміс, жапон, вьетнам тілдерін қатты жақсы көреді екен.

“Америкалықпын, бірақ, Қазақстанды қатты жақсы көремін. Ең сүйікті қалам –  Қызылорда. Қазақ тілін онлайн түрде оқып алдым. Қазақстанда көп достарым бар. Қарды, суықты және ислам дінін жақсы көремін”, – дейді Айбала.

Айбала ислам діні ұнағандықтан үйреніп жүргенін айтқан. Сонымен қатар, ол қазақ мәдениетін зерттеп жүр. Мәселен, Нұрмүхаммед Жақыптың әндерін тыңдайды екен. Сонымен қатар, ол қазақтың қыз алып қашу салтына қатты таңданыс танытқан.

instagram.com/kidpolyglot

instagram.com/kidpolyglot

Жуырда ол Республика күніне орай АҚШ-тағы қазақ диаспорасы ұйымдастырған іс-шараға қатысып, қазақтың дастарханынан дәм татқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →