×

Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты

Сарапшы «ел ішіндегі құндылық»  пайызының үлесін дұрыс есептемеген

Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты
ашық дереккөзден

Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы Жамбыл облыстық филиалының сарапшы-аудиторы сертификат ресімдеу кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтаған, деп хабарлайды  Qaz365.kz
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өтінішіне байланысты Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы облыстық филиалының сарапшы-аудиторы тауардың шығу тегі туралы сертификатты (СТ-KZ) ресімдеу үшін сараптама актісін жасау кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.
Сарапшы «ел ішіндегі құндылық»  пайызының үлесін дұрыс есептемеген. Сонымен қатар актіде тауардың есептеулері өтініштегі есептеулермен сәйкес келмеген. Бұл жерде 
полиэтилен және жол құрылысына арналған материалдан жасалған құбырларға қатысты  болып отыр.

«Сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің» коды дұрыс көрсетілмеген.
Сараптама актісінде шикізатты жеткізуге шарт жасалған күн алдын ала келмеген күнмен белгіленді, яғни дұрыс көрсетілмеген.
Мұндай әрекет заңнама талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Сондықтан сот Жамбыл Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының қызметін тоқтата тұру және айыппұл салу түрінде санкция қолданған.

Жалпы, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалдарына қатысты 12 бақылау іс-шарасын өткізді, нәтижесінде өнімнің сәйкестігін бағалау туралы берілген 8 құжат, 10 өлшем құралдарын калибрлеу сертификаты, 77 сынақ хаттамасы жойылды. Қоғамның Алматы және Жамбыл филиалдарының толық немесе ішінара аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды», - деп мәлімдеді СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
17.05.2024ж. 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →