×

Назарбаевтар әулеті пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алды деген депутатқа әкімдік жауап берді

Алматы облысының әкімі дау туындап отырған жер учаскелеріне 2 тарап үміткер дейді

Назарбаевтар әулеті пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алды деген депутатқа әкімдік жауап берді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Назарбаевтар әулетінің өкілдері Қарасай ауданына қарасты бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алғанын айтып, дабыл қаққан еді. Осыған қатысты тиісті органдар жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Депутат Алматы жақта «ескі» Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр деген болатын.

«Нақтылап айтқанда, Назарбаевтар әулетінің өкілдері – Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және «Қаңтар генералы» Серік Күдебаев Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған», – дейді Ермұрат Бапи.

Депутаттың сауалына жауап берген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дау туындап отырған жер учаскелеріне 2 тарап үміткер деп айтты. Бұлар «Каменский» мемлекеттік асыл тұқымды зауыты» РМҚК -ның бұрынғы қызметкерлері үлестік құжаттары жоқ «пайшылар» және жер учаскелеріне сәйкестендіну құжаттары ресімделген 850 меншік иелері екен.

«Меншік иелері әр түрлі блогерлерді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі шақырады және мемлекеттік органдардың қызметін сынайды.Үлестік құжаттары жоқ «Пайшылар» жер учаскелерінде адамдардың көп жиналуын ұйымдастырып, әлуметтік желі арқылы наразылығын жеткізіп, өз бетінше құрылыстар салуға тырысады. Бұл ретте жер учаскесіне құқық белгілеітін құжаттары жоқ екеніне қарамастан, меншік иелері мен пайшылар арасында қайшылық жағдайлар жиі орын алып, әлуметтік шиеленістер үнемі туындауда», – дейді әкім.

Ол  ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар ел заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады. Аталған мәселеге қатысты пайшылар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес сотқа жүгінген деп айтты.

«Алайда, Қарасай ауданы сотының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы ұйғарымына сәйкес «Каменский» мемлекеттік асыл тұқымды зауытының» бұрынғы қызметкерлерінің жер пайларына қатысты талап арызы қараусыз қалдырылды. Бұған себеп, талап қоюшының өкілі И.Г. Маркушинамен аталған мәселені қараусыз қалдыру бойынша жазған өтініші негіз болып табылған.  Өйткені пайшылардың үлесін 50-50- лік нұсқамамен тен бөліп беру мүнкін емес. Себебі жер учаскелеріне 2 тарап үміткер «пайшылар» үлестік құжаттары жоқ және жер учаскелеріне сәйкестендіну құжаттары ресімделген 850 меншік иелері азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін тенбе-тен қорғауға мақсатында аталған мәселені әділеті қарау үшін тек қана Сот билiгi арқылы қарау қажет», – делінген Марат Сұлтанғазиевтің жауабында.

Ал бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев ауданы 625 гектар жер учаскесіне құқық сот шешімдері негізінде «Союз Тех Сервис» ЖШС-ға өткнін мәлім етті.

«Каменский» мемлекеттік асыл тұқымды зауытының» жұмыскерлерінің жер алуға құқығы жоқ, өйткені кəсіпорын жекешелендірілмеген, 2006 жылы Алматы облысы əкімдігінің коммуналдық меншігіне беріліп, екі жылдан кейін жойылған. Кəсіпорынның жарғысы да учаскелерді беруге тыйым салған, мүлік бөлінбейтін болған жəне салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде кəсіпорын жұмыскерлері арасында бөлуге болмайтын болған. Мемлекеттік органдардың РМҚК жұмыскерлерінің жер алуына кедергі жасау фактілері анықталған жоқ», – делінген Тимур Тәшімбаевтың жауабында.

Депутат өз сауалында  пайшыларға араша түскен адвокат Ләззат Жапашеваны және бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауыты қызметшілері кооперативінің төрайымы Әмина Жеңісбекованы «алаяқтық жасады» деген жалған айыппен екі айға қаматып тастады деген еді.

Бас прокуратура 2022 жылғы 26 желтоқсанда жер учаскесінің меншік иесі А. Ашыновтың (оның жерге құқықтарын жүзеге асыруда кедергілер жасау туралы) арызы бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігімен (өзінше билік ету) Ләззат Жапашева мен  Әмина Жеңісбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын растады

Бұдан басқа 2023 жылғы 3 мамырда С. Сачаваның (оның жер учаскесін заңсыз сату туралы) арызы бойынша осы адамдарға қатысты да Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды деп отыр.

«Қылмыстық құдалауды тоқтату, саралануын жəне бұлтартпау шараласын өзгерту үшін негіздер анықталмаған, іс бойынша нақты тергеу əрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беріліп, процестік прокурор тағайындалды. Сонымен бірге 2022 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті (аудан прокуратурасының АЕК бойынша) жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту фактісі бойынша Қарасай ауданы əкімдігінің лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (іс жүргізуде). Осы қылмыстық іс шеңберінде олигополия өкілдерімен үлестес тұлғаларға РМҚК-нің жерлерін беру туралы ақпарат тексерілетін болады», – делінген ресми жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →